Энергияның балама көздерін дамыту

Астанада атом энергетикасына қатысты ақпараттық орталық ашылды

Қазақстан және Ресей атом компаниялары басшыларының кездесуі 22 қыркүйек күні Австрия астанасы Венадағы Халықаралық орталықта басталған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Бас конференциясының 58-сессиясының жұмысы аясында өтті.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 17:03

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» МК Атом энергиясын көпшілікке тарату саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.

«Аталмыш құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» МК-ның балама энергетика тақырыбы бойынша екі ел азаматтарына кеңінен білім беруге, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің атом энергетикасы және өнеркәсібі саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуын уәждеуге бағытталған бірлескен жұмыстары үшін ашық ақпараттық-таныстырымдылық тұғырнамасын құру бойынша күштерді біріктіруге деген ниеттестікті аңғартады», - деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.

Тараптар екі жақтың ғылыми, ақпараттық, өндірістік және тәжірибелік базаларын пайдалана отырып, бірлескен іс-шараларды (бағдарламалар) ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісіп алды.

Атап айтқанда, бұл  меморандумда Астана қаласындағы Оқушылар сарайы базасында Атом энергетикасы жөніндегі Қазақстандағы тұңғыш ақпараттық орталық құру бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жобасына ресейлік атом корпорациясының қатысуы көзделген.

Жобаны іске асыру кезінде өкілетті ұйымдар ретінде ресейлік тараптан – «Атом саласының ақпараттық орталығы» автономдық коммерциялық емес ұйымы, қазақстан жағынан – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі белгіленді.

Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің серіктестері болған әлемнің басқа жетекші компаниялары да бұл жобаға қатысу ниеттерін білдіріп отыр. 




Яндекс.Метрика