Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жарты жыл ішінде 1,5 млн-нан астам адам қан айналымы жүйесі дертін анықтау үшін тексерістен өтті

2014 жылдың жарты жылында 1 161 172 астам адам қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін тексерістен өтті. Бұл жалпы жоспардың 56 пайызын құрайды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық салауатты өмір салтын құру мәселелері орталығының директоры Жәмила Баттақова.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 15:59

«Ұлттық скринингтік бағдарлама қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін 2008 жылы енгізілген. Жыл сайын осы арқылы шамамен 2 млн адам тексерістен өтеді. 2014 жылдың жарты жылында 1 161 172 астам адам қан айналымы жүйесі сырқаттарын анықтау үшін тексерістен өтті. Бұл жалпы жоспардың 56 пайызын құрайды. Нәтижесінде, тексерістен өткен адамдардың 5,5 пайызынан жүректің ишемиялық сырқаттары мен артериалды гипертония анықталды. Бұл дегеніңіз 68 955 адам», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға арналған онкүндік өтеді.

«Жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде әлем бойынша Дүниежүзілік Жүрек Федерациясының бастамасымен дүниежүзілік жүрек күні аталып өтіледі. Осыған орай Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға арналған он күндік өтеді», - дейді Ж.Батталова.

Оның айтуынша, онкүндік аясында аөпараттық сипаттағы бірқатар шара өткізіледі, бірінші кезекте ақпараттық насихат қолға алынбақ. Ақпараттану, коммуникацияның барлық құралдары арқылы халыққа түсіндіру жұмыстары мен баспасөз конференциялар ұйымдастырылып, кітапшалар таратылады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика