Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Мектеп оқушылары Қазақстан Президенті туралы кітап жазды

32 мектеп оқушысы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қолынан «Президент пен перзент» кітабын алды. Онда Мемлекет басшысымен кездесу мүмкіндігіне ие болған балалардың өмірлерінің қызықты сәттері мен Ұлт көшбасшысы туралы мектеп оқушыларының шығармалары жинақталған, деп хабарлайды ҚР БҒМ.
Қарағанды24 Қыркүйек , 16:45

Шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолын бастаған, ҚР Президентінің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласында өтті. А.Сәрінжіповтың айтуынша, кейінгі ұрпақ Ұлт көшбасшысының өмір жолын өздеріне үлгі етуі керек.

Кітапты «Айқын» газетімен бірігіп Президенттің баспасөз қызметі басты. Туынды екі бөлімнен тұрады: «Биікке беттеген балалар» және «Ел тірегі - Елбасы». Кітап мазмұны мектеп оқушыларының Қазақстанның дамуына берген бағасынан және Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қызметі туралы ойларын, елдің болашағы туралы пікірлерін қамтиды. Шын жүректен шыққан шығармалар оқушылардың армандары мен мақсаттарының көрінісі іспетті.




Яндекс.Метрика