2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Ж.Қуанова: Тамыры терең тарихымызды кейінгі ұрпақ жетік білуі керек

Тамыры терең тарихымызды кейінгі ұрпақ жетік білуі керек, деп мәлімдеді бүгін Ақтөбе облысы Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Жұмазия Қуанова Strategy 2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Ақтөбе24 Қыркүйек , 15:23

«Қазақ жерінде қасиетті тарихи орындар баршылық. Бұл туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау баурайында отырып берген сұхбатында кешегі ғұндар мен түркілердің тарихына көз жіберіп, жоңғарлармен арадағы шайқас туралы да аталы сөзін айтты. Қазақтар үш жүздің басын қоса отырып қана жоңғарларды жеңе алды. Ұлытау қазақ тарихында аты алтынмен жазылатын қасиетті жерлердің бірі», - дейді ұстаз.

Оның айтуынша, кейінгі ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде рухани құндылықтармен қатар тарихи сананы да тереңінен сіңіру керек. Кешегі өткен батырлар мен билердің өнегелі өмірінен сабақ шығарып, туған өлкеге, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру керек. Қазіргі әлемдік шиеленісті жағдайда осынау сананы жаңғыртуымыз қажет-ақ.

«Халық даналығында өткенді білмей болашаққа болжам жасай алмайсың деген аталы сөз бар. Сол себепті біздің ата мұрамызды зерттеу, тарихқа тереңнен бойлау үшін оқулықтар әдістемелеріне көбірек көңіл бөлген жөн. Мен өзімнің берген сабақтарымда бүгінгі біздің қол жеткізіп отырған тәуелсіздігіміз бір кездегі бабаларымыздың арманы болғанын оқушыларға түсіндіруге тырысамын. Біз енді осы құндылықтың қадірін түсінуіміз керек. Мен тарихын білген адамның шын патриот бола алатынына сенімдімін», - дейді.




Яндекс.Метрика