Бүгін Тәуелсіздік сарайында инвестиция және даму министрлігі мен «Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ ұйымдастырған семинар-кеңес өтті
«Индустрияны дамытудың қазақстандық институты» АҚ төрағасы Айдын Құлсейітовтың айтуынша, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес құрылды. Ол экономиканы әртараптандыруды жылдамдатудың басты бағыты болып есептеледі. Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына ену тұжырымдамасы мен Елбасының тапсырмалары шетелдік инвесторлар кеңесінің 26 пленарлы отырысында қаралады.
«2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД МБ бағдарламасының дамуы оның жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама Қазақстанның өндірістік саласының бөлігі болып есептеледі және өңдеу өнеркәсібінің дамуына ден қойған», - деді ол.
Айта кетейік, семинар-кеңесте қозғалатын негізгі сұрақтар елдегі аймақтық кластердің дамуына бағытталады.
Сондай-ақ, ҮИИД МБ бағдарламасы аясында өңірлік кластер байқауының іріктеу сұрақтары да қарастырылды.
Индира Қауметова