Ұлттың денсаулығы

2030 жылға дейін БЖСМ-ға Қазақстан оқушыларының 15 пайызы тартылады

2030 жылға дейін балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне Қазақстан оқушыларының 15 пайызы тартылады, бұл туралы ОКҚ брифингінде спорттық қор және спорттық жоғары жетістіктер департаментінің директоры Мәлік Сапашев мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Қыркүйек, 13:28

«Бүгінгі таңда елдің барлық аймақтарында балалар-жасөспірімдер спорттық мектептері жұмыс істейді. Жалпы, республикада 427 БЖСМ жұмыс істейді, онда 282 мың бала мен жасөспірім білім алады», - деді М.Сапашев.

Оның айтуынша, 2030 жылға қарсы БЖМС балалар санының 15 пайызын қамтуды жоспарлауда, жыл сайынғы өсім – 0,5 пайызды құрамақ.

БЖМС 110 спорт түрін қамтамасыз етеді, оның ішінде 52 олимпиадалық спорт түрі, 58- олимпиадалық емес спорт түрі.

Оған қоса, республикада спортпен айналысуға  бағытталған 556 балалар клубы бар, 86 жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту жалпыхалықтық міндет болып есептеледі», - деді ол.

Камила Амирова

 

 





Яндекс.Метрика