Евразиялық одақ

Мәжіліс ЕАЭО туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылауға кірісті

Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің пленарлы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқылауға алынды.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 14:03

«Аталмыш келісім 2014 жылдың 29 мамырында құрылғаны белгілі. Құжаттың мақсаты халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, бірыңғай тауар, қызмет, капитал және жұмыс күші нарығын құруға күш салу және жан-жақты жаңғырту, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттіліктерін арттырудағы мүше мемлекеттердің экономикасының тұрақты даму шарттарын құру болып табылады», - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Пленарлы отырыста мәжілісмендер мемлекеттік басқару жүйесін ары қарай жетілдіру мәселесі бойынша жаңадан енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш түзетулер ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі болып құрылған Экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін қысқартудағы жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды ескерту, анықтау, алдын алу, ашу және зерттеуге бағытталған.

Сонымен қатар, азаматтық процесс мәселесі бойынша Конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы да палата тарапынан мақұлданды. Осы құжатқа сай, азаматтық және сауда істері бойынша келіскен барлық мемлекеттердің азаматтары өзге де келісілген мемлекеттердің барлығында осы елдердің заңына сай тұрақты азаматтыр секілді тегін құқық көрсетілуі талап етілетін барлық жағдайларда тегін құқықтық көмек қолдана алады.




Яндекс.Метрика