Өңірлер

Қазақстанның 3 қаласында 121 интеллектуалды бейнекамера орнатылды

Астана, Қызылорда мен Шымкентте интеллектуалды бағдарламалары бар бейнекамералар орнатылды.Бұл туралы ОКҚ брифингінде ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 12:53

«Шетелдік тәжірибе бойынша интеллектуалды бағдарламалары бар бейнекамералар жүйесі енгізілуде, олар автономды режимде көше оқиғасын бақылай алады. Көшеде орын алған оқыс оқиғаларды түсіріп қызметкерлердің назарын аударуға бағытталған бағдарламалар енген бейнекамералар 3 қалада орнатылды. Олардың саны-121», - деді ол.

И.Лепеха атап өткендей, бүгінгі таңда республика бойынша 3 мың бейнекамера орнатылды, оның 1500 қиылыстарда, ал 2 мыңы қоғамдық орындарда орнатылды. Сондай-ақ, соңғы кезде тұрғын үй кешендерінің аулаларына да бейнекамера орнатыла бастады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика