Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

А.Рау: Мемлекет аумақтық кластерлер байқауының жеңімпазын қолдайды

Мемлекет аумақтық кластерлер байқауының жеңімпазын қолдайды. Бұл туралы тәуелсіздік сарайында өткен семинар-кеңесте индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Қыркүйек, 14:48

«Бүгінгі таңда «Қазақстан-2050» Стратегиясын негізге алуымыз керек. Онда Президент экономиканы дамытудың кластерлік әдісі туралы айтқан болатын», - дейді ол.

Оның айтуынша, кластерлер байқау негізінде мемлекет тарапынан емес, кластерлерді қорғап мен жетіспейтін жақтарын көрсеткеннен кейін мемлекеттен дамыту қолдауын алатын кәсіпкерлер тарапынан құрылады.

«Бізде қазіргі таңда 14 басым сектор бар. Біз енді Үкімет ретінде бүгінгі таңда бар кластерлердің жеңімпаздарын қолдауға мүдделі болып отырмыз. Индустриялды-инновациялық қызметтер мен жаңа құралдары мемлекеттік қолдау шаралары туралы заң аясында мемлекетке барынша аз ауыртпалық түсіріп, экономикаға көп пайда беру өлшемі бойынша жеңімпаздар анықталатын болады», - дейді вице-министр.

А.Рау бәсекелестікті арттыруда бірнеше салада жұмыс істейтін салаларға арналған мүмкіндіктер құрудың маңыздылығына тоқталды. «Кластерлер, тасымалдаушылар және кеңес берушілер т.б. арасында жүйені құрушы ойыншылардың арасында бәсекелестікті арттыру үшін бұл өте маңызды», - дейді

Айта кету керек, жыл соңына дейін Үкімет тарапынан байқау ережесі бекітіледі.





Яндекс.Метрика