Өңірлер

Қазақстанда 2014 жылы қылмыс саны 6 пайызға қысқарды

Ағымдағы жылы елде қылмыс саны 6 пайызға төмендеді.Бұл туралы ОКҚ брифингінде ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.
Астана қаласы 24 Қыркүйек, 12:37

«Жүргізіліп жатқан шаралар қылмыстың жағдайына әсер етеді. Бүгінде елдегі қылмыстың саны 6 пайызға қысқарды, оның ішінде ауыр қылмыстар да бар», - деді И.Лепеха.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, ауыр қылмыс саны ағымдағы жылы 20 пайызға, адам өлімі 18 пайызға қысқарды. Көшеде орын алған қылмыс саны 8 пайызға, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс 19 пайызға төмендеді.

И.Лепеха атап өткендей, адамдардың түсіну түйсігінің қалыптасуы әрбір адамның санасына әсер беруі керек.

«Мемлекеттік органдар мен үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың  негізгі міндеті – құқықбұзушылыққа нөлдік шыдамдылық көрсетуді қалыптастыру, ол әрбір қазақтандық үшін саналы болып есептелуі тиіс. Демек, адам тек заңға ғана бағынбай, өзгелерді де оны ұстауына септігін тигізуі керек», - деді ол.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика