2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Жас депутаттар форумында жергілікті өзін өзі басқару идеясы талқыланады

Павлодарда жас депутаттардың облыстық форумы өтеді. Шараның басты мақсаты жастар арасында жергілікті өзін өзі басқару идеясын насихаттау.
Павлодар24 Қыркүйек , 12:09

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылып отырған шара биылғы жылдың 26-27 қазанында өтеді.

Шараға барлық деңгейдегі органдардың жас депутаттары, жастар саясаты мәселесі бойынша партиялық кураторлар, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық-саяси қайраткерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері және басқалар қатысады.

«Форум аясында жергілікті өзін өзі басқару идеясын ілгерілету мен түрлі бөлімшелер қызметтерін жандандыруға бағытталған үш диалогтық алаң мен тренингтер ұйымдастыру жоспарланған», - деп хабарлайды қауымдастық.

Сонымен қатар, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы құндылықтарын насихаттау мақсатында және жастарды аулаларды абаттандыруға ынталандыру үшін «Біздің аула» акциясы өткізіледі.




Яндекс.Метрика