Адами капитал

Қ.Көшербаев: Елдің басты байлығы – «адам капиталы» (ФОТО)

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, еңбеккерлердің басын қосып, өткізіліп жатқан бұл алғашқы форум. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, еңбек озаттарын марапаттады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 24 Қыркүйек, 11:53

Басқосуда сөз алған аймақ басшысы Елбасының өзі еңбек жолын жұмысшы болып бастағанын тілге тиек етті.

Қара жұмыстың қыл шылбырын сүйретіп жүргендер мамандығын мақтан тұтатын болды. Алғаш рет ұйымдастырылған форумда еңбектің түбі береке екендігі тағы дәлелденгендей.

«Еңбек – адамды ер атандырады» дейді халқымыз. Аға буын Сыр елінің дамуы жолында халықтың сана-сезімін қалыптастырып, қазақы рухын жоғалтпай, еңбекке бір адамдай жұмылдыра білді. Ауызбіршіліктің, тынымсыз еңбектің арқасында аймағымыздан 102 Социалистік Еңбек Ерлері шықты. Олардың есімдері облыс тарихына алтын әріптермен мәңгілікке жазылып қалды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Аймағымызда ұрпақтан ұрпаққа отбасылық құндылықтарды жеткізіп, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері жетерлік.  Мәселен, білім саласы бойынша Қыпшақбаевтар әулетінің еңбек өтілі 285 жыл, ауыл шаруалығы саласы бойынша диханшылар әулетінен Пірдашовтарға 75 жыл, Күрбеновтердің теміржолшылар әулетіне 562 жыл.  

Форумда аймақ басшысы осындай бір салада еңбек етіп жүрген отбасыларды «Алғыс хатпен» марапаттады.   Еңбек адамдарына көрсетілген мұндай құрметке диханшылар әулетінен Беғалы Пірдашов, әлеуметтік саладан Фатима Сейдахметова өз алғыстарын білдірді. Қазақстанның «Еңбек ері» Абзал Ералиев барша еңбек сүйгіш жандарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

 





Яндекс.Метрика