Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қостанай облысының тұрғындары egov.kz арқылы 2 мыңнан астам төлем жүргізді

Қостанай облысының тұрғындары 8 айдың ішінде электрондық үкімет төлем шлюзі арқылы 2 мыңнан астам транзакция жүргізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қостанай24 Қыркүйек , 11:38

Қостанай облысының тұрғындары салық және жол қозғалысы ережесінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге электрондық үкімет порталының төлем шлюзін жиі пайдалана бастады.

 «Қостанай облысында 8 айдың ішінде 2 111 транзакция жүргізілді, сомасы 18 миллион теңгеден астам айыппұл және салық төленді.Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда транзакция саны 71 %, транзакция соммасы 220 % артты», -  деді «ХҚКО» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабай.

Қазақстан тұрғындарының электрондық үкімет порталы арқылы 4 салық түрлерін төлеуге мүмкіндіктері бар, оның ішінде айып өсім, айыппұл, жеке тұлғалар салығы үшін алым, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардың көліктеріне салық және елді мекендегі жеріне жеке тұлғалардың жер салығы. Сондай-ақ портал арқылы мемлекеттік баждың 17 түріне, 20 алым түрлеріне, ұялы телефон байланысы және «Қазақтелеком» АҚ қызметіне, коммуналдық төлемдер және жол қозғалысы ережесінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлемін жүргізуге қолжетімді.

 




Яндекс.Метрика