Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Мәжіліс депутаты бюджет қаражатын тиімді пайдалануға шақырады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева жаңа заңның қабылдануымен бюджет қаражатын тиімді пайдалануға шақырады.
Астана қаласы24 Қыркүйек , 11:23

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында депутаттарға мемлекеттік саясат саласында бірқатар заң қабылдау тапсырмаларын беріп, Үкімет пен депутаттар алдындағы биылғы жылғы басты қызметтерді атап көрсетті.

«Бүгінгі таңда алдымыздан шығып жатқан мүмкіндіктерді өз деңгейінде қолдана алу үшін Парламент пен Үкімет жұмыстарының үндестік табуы керек. Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіндегі басты міндеттемелердің бірі – әкімшілік реформаны жалғастыру мен кәсіби және ықшам мемлекеттік аппаратты тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру», - деді Н.Назарбаев сессияның ашылуында.

«17 депутат қызмет ететін біздің комитетке (Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) 12 заң келіп түсті. Жұмыс бастан асып жатыр. Ең бастысы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету керек. Бюджетті қарай отырып біз жол сапасын жақсартуға, халықтың әлеуметік деңгейін көтеруге, әлеуметтік қажеттіліктерге қаражат бөліп жатқанымызды жұрт түсіну керек», - дейді төменгі палата депутаты.

Үкіметтің жаңа құрылымы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша стратегиялық мәселелерге бағытталуы керек. Министрліктерге заңнамалық актілер қабылдау құзіреті беріліп, ал ведомство комитеттеріне тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау құзіреті берілетін болады.

Сонымен қатар, Елбасы парламентария алдындағы Қазақстанның әлемдегі үздік 30-дыққа ену бағыттарын атап көрсетті.

Біріншісі – жаңа заманның Кодекстерін қабылдау процестерін аяқтау. Атап айтар болсақ, олар Кәсіпкерлік және Азаматтық процессуалды кодекстер. Одан кейінгі қадам 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін «Арбитраж туралы» бірыңғай заңды дайындау. «Электронды үкіметтің» көрсететін қызметтері де кеңейе түспек. Рұқсаттама саны 50%-ға дейін азаяды. Сонымен қатар, келер жылдан бастап кедендік рәсімдер де барынша жеңілдетілмек. Бұл отандық кәсіпкерлердің шығындарын азайтпақ.

Сөз соңында депутат қазіргі таңда Парламентте комитеттердің кеңейтілген отырыстары өтіп, онда мәжілісмендер ведомства мен жергілікті атқарушы органдардың құзіреттерін нақты белгілеп жатқанын тілге тиек  етті.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика