EXPO-2017

Қостанайда ЭКСПО-2017 аясында байқау басталды

Қостанайда «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйымдастырған «Қостанай ЭКСПО-2014» арнайы байқауы басталды.
Қостанай24 Қыркүйек , 10:53

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі ай бойы Қостанай облысында «жасыл экономика» бойынша жобаларға байқау жарияланады.

«Шараның басты мақсаты – «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені насихаттау мен ілгерілету болып табылады», - деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша өтініш беруге болады:жаңартылмалы және баламалы қуат көздері, энергия үнемдеу және энергия тиімділік, экологиялық қауіпсіздік және ресурс үнемдеу, «жасыл технология».  

Бәйгенің жүлде қоры 1,5 млн теңгені құрайды. Өтініш қабылдау мерзімі биылғы жылдың 15 қарашасына дейін. Өңірдің ең үздік деген жобалары ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсынылады.




Яндекс.Метрика