Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қостанай облысының тұрғындары мобильді ХҚКО арқылы 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды

Жылдың басынан бастап Мобильді ХҚКО арқылы Қостанай облысының тұрғындары 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды.
Қостанай24 Қыркүйек , 10:38

Қостанай облысының Мобильді ХҚКО ағымдағы жылдың сегіз айында 18 ауданның 110 елді мекендерінің тұрғындарына қызмет көрсетті.

«425 шығу кезінде шалғайдағы ауылдық округтерінің тұрғындары 12 650 құжаттар ала алды. Берілген электрондық анықтамалар саны 26% құрады. Олардың ішіндегі көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер – «ҚР жеке куәлігі мен төлқұжатын беру» - 4 149 құжат және «ҚР Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтару» - 2 203 құжат. Сонымен қатар, кең тараған қызметтер әділет бағыты бойынша – 1 178 құжат және жергілікті атқарушы органдар бағыты бойынша – 1791 құжат», - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Осы жұмыс Мобильді ХҚКО-ның әкімшіліктермен тығыз ынтымақтастығының арқасында мүмкін болып отыр.




Яндекс.Метрика