Өңірлер

Мүлікті заңдастыруға 1 659 өтініш түсті – Қаржы министрлігі

21 қыркүйекке дейін жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға мүлікті заңдастыру бойынша жалпы құны 12 166,2 млн теңгенің өтініші түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Казахстан24 Қыркүйек , 10:23

Соның ішінде 11 695,9 млн теңгенің 1 799 жылжымайтын мүлігі бар. Ал 470,4 млн теңгенің 9 өтініші заңды тұлғалардың қатысуын заңдастыруға өтініш ретінде түскен.

«2014 жылдың 21 қыркүйегіне дейін салық органдарына ҚР аумағынан тыс жерлердегі мүлікті заңдастыру өтініштері түспеді», - деп хабарлайды ведомство.

Ең көп өтініштің түскен жерлері Алматы қаласы мен облысы (506 және 270 өтініш). Үшінші орында Қостанай облысы азаматтары белсенділік танытуда. Ал мүлікті заңдастыру науқанына қатысу деңгейі бәсең өңір ретінде Маңғыстау облысы байқалады. Облыста аталмыш шараға берілген өтініштің саны небары 7-еу ғана.

ҚР Ұлттық банкі мәліметінше, екінші деңгейлі банктер жалпы құны 1 312,7 млн теңгенің мүлікті заңдастыру бойынша 6 жинақ шотын ашып қойған. Соның ішінде 154,5 млн теңге жинақ шотынан алынған. «Мүлікті заңдастыру үшін жинау» бабы бойынша бюджетке 15,5 млн теңге түсті.




Яндекс.Метрика