Өңірлер

Авариялық-құтқару қызметтері жиынында құтқарушы-сүңгуірлердің жұмысы игерілді - КЧС

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің суда құтқару стансасы базасында ҚР ІІМ ТЖ комитеті кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің судағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау бойынша «Нептун-2014» республикалық оқу-әдістемелік жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қызылорда24 Қыркүйек , 10:07

Ведомтсвода хабарлағандай, салнатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұрболатұлы Әлібаев, жергілікті атқарушы органның өкілдері, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары  мен құрметті қонақтары қатысты. 

««Нептун-2014» жиынының негізгі міндеттері құтқарушылар-сүңгуірлер арасында тәжірибе алмасу, заманауи сүңгуір жабдықтармен және жарақтармен жұмыс дағдыларын игеру, суда құтқару қызметі мен сүңгуір-іздеу жұмыстарын жүргізу технологиясын зерделеу және жетілдіру болып табылады», - делінген хабарламада.

23-26 қыркүйек аралығында құтқарушылар-сүңгуірлер үш тәртіптен (жалпы дене, құтқару және сүңгуір даярлығы) тұратын жарыстарға қатысады. 

Жарыстарға 18 команда, атап айтқанда облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің суда құтқару қызметтерінен 16 команда, «Оңтүстік өңірлік жедел-құтқару жасағы» ММ мен «Ресей ТЖМ ФӨҚҚ  Байқоңыр қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы» ММ командалары қатысуда.




Яндекс.Метрика