Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Үкіметі табиғи ресурстарды басқару жобасының Концепциясын қолдады

ҚР Үкіметі Мұнай және газ министрі Ұзақбай Карабалин ұсынған табиғи ресурстарды белсенді басқару мен шикізат секторынан келіп түсетін пайданы қадағалау жобасын қолдады.
Астана қаласы17 Қыркүйек , 11:04

«Біз табиғи ресурстарды әрі қарай зертейтін ең басты 8 мақсатты көздеп отырмыз: жаңа жер қойнауларын іздеу; жер қойнауларын өңдеп шетелдік нарыққа шығару үрдісі бойынша отандық қазба байлықтарының ішкі нарықты қамтамасыз етуін жүзеге асыру», - деп мәлімдеді Ұзақбай Карабалин.

«Сонымен қоса, шетелдік инвестицияларды тарту және шикізатты өңдейтін заманауи технологияларды қолдану, жаңа өндірісте қызмет істеудің мүмкіндіктерін қарастыру да басты назарға алынып отыр»,- деп нақтылады министр.

Ұ. Карабалиннің айтуынша, энергия өндірісінің альтернативті түрін дамыту мен экологиялық зияны жоқ өндіріс ошақтарын енгізу, көмірқышқыл шикізатын өңдеудің стратегиялық секторына көңіл бөлу маңызды істердің бірі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Жолдауында Мұнай және газ министрлігіне табиғи ресурстарды және шикізаттан түскен пайданы басқару Концепциясын жасауды жүктеген болатын.




Яндекс.Метрика