Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2025 жылға қарай Қазақстан 90 млн астам тонна мұнай экспорттайды - ҚР МГМ

2025 жылға қарай Қазақстан мұнай экспортының ең жоғары көлемі 90 млн тонна деңгейіне жетеді, деп хабарлады мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин ҚР Үкіметі отырысында.
Казахстан17 Қыркүйек , 10:57

«Қазақстандық мұнай экспортының максималды деңгейі - 90 млн астам тонна 2025 жылы күтілуде», - деді Ұ.Қарабалин.

Сонымен бірге, ол сыртқы нарықтарға мұнай тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыттары КБК, Атырау-Самара, Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары болатынын басып айтты.

Министрдің айтуынша, оған еліміздің шикізаттық нарығының мынадай сапа сипаттамасы мүмкіндік береді: Қазақстан қорлар бойынша әлемнің алғашқы ондығы жанында, бұл мұнайды кем дегенде тағы 50 жыл шығаруға мүмкіндік береді, жаңа қорлар ашудың айтарлықтай перспективалары.

Ұ.Қарабалин сонымен бірге қазақстандық үш мұнай өңдейтін зауыттың барлығын жеке ресурстармен, сәйкесінше, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын толық қамтамасыз ету және отандық жаңа мұнай-химия өндірісіе дамыту перспективасы мүмкіндігін атап өтті.




Яндекс.Метрика