Инфрақұрылымды дамыту

Үкімет отырысында құрылыс саласының нормативті база өзгеруінің Концепция жобасы қолданды

Бүгін ҚР Үкіметі құрылыс саласының нормативті база өзгеруінің Концепция жобасын қолдады.
Казахстан17 Қыркүйек , 10:35

«Аталмыш Концепция ескірген саланың жаңа түрге енуіне септігін тигізеді және жаңа ғылыми жобалардың енуі мен техникалық шешімдер, құрылыстың  инновациялық жобасын қарастыруға мүмкіндік береді», - деп Концепция жобасын таныстырғанда  вице-министр Серік Нокин мәлімдеді.

Жобаның құжаты 3 басты бөлімнен тұрады. Олар: құрылыс саласында нормативті базаның өзгеруі, нормативтік базаның негізгі және жалпы түрде өзгеруі, осы мақсаттардан кейін Концепцияның толықтай  жаңғыруы  жүзеге асады.

Айта кетерлігі, сараптаудың басты бөлігі Қазақстанның  шетелдік тәжірибені игеруі, оның ішінде Кедендік Одақ елдері де бар. Концепцияның негізі европаның техникалық жүйесі бойынша жасалған.

Отырыста мәлім болғандай, Концепцияның мақсаты техникалық жүйенің орнығуы және Қазақстанды әлемдік экономикалық жүйеге енгізу.

Өз кезегінде Концепцияның аз уақыт ішінде жүзеге асырылуы қарастырылған. 2013-2014 жылға дейін дайындық деңгейі болса, 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін ескі және жаңа техникалық бейімдеу жүйесінің «жұмыс істеу деңгейі» болып ажыратылады.

Үшінші кезең, яғни  2021 -2025 жыл жаңа нормативтік базаның түзетілуі мен тәжірибе қолданысының шыңдалуына арналады.

Концепцияның енгізілуі құрылыстың жоғары мәдениеттілігі мен қоғамға қолайлы ортаны қамтамасыз етеді және отандық құрылыс саласының қарқынды дамуы мен сәулет өнері жөненінен әлемдік тәжірибеде бәсекелестікті арттырады деп жоспарлануда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика