Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Денсаулыққа зиян келтіретін өнеркәсіп өндірісінде қызмет ететіндерге 25 % міндетті кәсіптік зейнетақы жарналығына аударылады-ЕХӘҚМ

Денсаулыққа зиян келтіретін өнеркісңп ошақтарында қызмет істейтін қазақстандықтар үшін 25 % міндетті жарналықты зейнетақы қорына аударатын болады, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді.
Казахстан16 Қыркүйек , 16:01

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы қорының аударылымдарын 5 пайыздан 10 пайызға дейін көтеру жүктелген. Жұмыс бабы жыл сайын жаңартлып отыратындықтан, соңында 10 пайызға жету айқын.2014 жылдың 1-ші қаңтарында міндетті түрде жіберілетін кәсіптік салыным 5 пайыз болады, ал уақыт өте келе ол 10 пайызға және 15 пайызға дейін көтеріледі», - деді ол.

Вице-министр сөз соңында «Жеке зейнетақы қорының шотына денсаулыққа зиян келтіретін ортада қызмет істейтін қызметкерлерге 15 пайыз міндетті сома түсіп отырады, оның 10 пайызы жұмыс берушінің қаражатынан бөлінеді,сөйтіп барлығы 25 пайызды құрайды. Бұл жүйе үздіксіз жұмыс істейтін болса, жұмыскерлер ерте мерзімде зейнетақыға шыға алады», - деді Светлана Жакупова.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика