Технологиялар трансферті

Қазақстанда 2015 жылға дейін е-қызмет жүйесі толық енгізіледі –Ә. Байменов

Интеграциялы ақпараттық жүйе е-қызметті 2015 жылға дейін толық енгізу жоспарланып отыр. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің отырысында Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Байменов мәлімдеді.
Казахстан16 Қыркүйек , 17:13

«Интеграциялы ақпараттық жүйе Е-қызмет құрастырылып жатыр,  біз 2015 жылға дейін оны толықтай енгіземіз. Сол кезде ұжымдық қызмет басқармасының қызметкерлері техникалық жұмысқа уақыт ысырап етпей, кәсіптік жұмыспен айналысатын болады. Демек, олар жетекшілермен бірге іріктеу кезеңіне қатысуы тиіс», -деді Байменов.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде  тәжірибені өту институты енгізіліп отыр. Тек мемлекеттік қана емес, халықаралық ұйымдарда да  өтуге болады.

«Агенттіктің он бес жылдығына орай, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісі енгізілді. Мерекеге қарсы  біз қызметкерлердің ішінен осы атаққа қолайлы жұмыскерлерді марапаттаймыз», -деді ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика