Әкімшілік реформаның екінші кезеңі

ҚР-да пилотты түрде «Этика бойынша кеңесші институты» жобасы жүзеге асырылуы мүмкін

ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі агенттік «Этика бойынша кеңесші институты» пилоттық жобаның жүзеге асырылуын жоспарлауда, деді Орталық коммуникациялар жиынында агенттік төрағасы Әлихан Байменов.
Казахстан16 Қыркүйек , 12:40

«Топтық мәдениетті өсіру үшін жемқорлық тәжірибесіндегі алдын алу мен ескертулер маңызды рөлге ие, мемлекеттік қызметкерлер этика нормаларын қатаң ұстануы тиіс. Осы мақсатпен,  АҚШ-та «этика комиссары»  жүйесі енгізілген, ал Венгрияда «адал кеңесші институты» жұмыс істейді, сондықтан да біз  болашақта «этика бойынша кеңесші» жобасын мемлекеттік органдарға енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Әлихан Байменов.

Оған қоса, «кеңесшілікке   тек  арнайы курстарды оқып, сертификатқа ие болған мемлекеттік қызметкерлер ғана ұсынылады. Біліктілікті арттырған қызметкерлер ұжымның тәрбиесімен айналысып,  мемлекеттік  іс жөніндегі агенттікпен  тікелей қарым-қатынас  орнатады», деді ол.

Айта кетерлігі, пилоттық жоба бірнеше мемлекеттік органдарда орнатылады. Олардың барлығы әкімшілік реформа комиссиясы арқылы таңдалынады. 




Яндекс.Метрика