Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Мемлекет біріңғай зейнетақы қорының сақталуы мен тұрақты жіберілуіне кепілдік береді- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда біріңғай зейнетақы қорының сақталуы мен аударылымы тұрақты болуының барлық жағдайы қарастырылған, деп хабарлады БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова.
Казахстан16 Қыркүйек , 16:25

«Қоғам азаматтардың зейнетақы қорының сақталуын талқылауда. Тұрғындарға құлаққағыс, біріңғай зейнетақы  қорының тұрақтылығы мен аударылымының сақталуына барлық мүмкіншіліктер жасалған»,- деді Светлана Жакупова.

Жиынның ашылуында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аталмыш бас қосу әлеуметтік жаңғырудың ең негізгі тақырыптарының бірі – зейнетақы қоры жүйесінің тұрақталуы, зейнетақы аспектілері мен оның позицияларын анықтауға арналғандығын атап айтты.

Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы жылы Ұлттық банктің нақтылауымен біріңғай зейнетақы қорының активтері мен қызметіне байланысты келісім шарт бойынша жіберілім жүргізіледі. Жеке зейнетақы қоры мен зейнетақы  ауыстырылым үрдісі жүзеге асады.

Сонымен қатар, вице-министр өз баяндамасында өндіріс ошақтарында, яғни  қауіпті жұмыс орындарында қызмет  істейтін жұмысшылардың   зейнетақы қорына жіберілім сұрағын көтерді.

«2014 жылдың 1-ші қаңтарында міндетті түрде жіберілетін кәсіптік  салыным 5 пайыз болады, ал уақыт өте келе ол 10 пайызға және 15 пайызға дейін көтеріледі».

Вице-министр сөз соңында «Жеке зейнетақы қорының шотына денсаулыққа зиян келтіретін ортада қызмет істейтін қызметкерлерге 15 пайыз міндетті сома түсіп отырады, оның 10 пайызы жұмыс берушінің қаражатынан бөлінеді,сөйтіп барлығы 25 пайызды құрайды. Бұл жүйе үздіксіз жұмыс істейтін болса, жұмыскерлер ерте мерзімде зейнетақыға шыға алады», - деді Светлана Жакупова.

 




Яндекс.Метрика