«542 қызметкер А корпусына енеді. Қазіргі таңда 501 адам тағайындалды, ал қалған лауазымдарға таңдау 26 қыркүйекте өтеді», -деді Ә. Байменов.
Ә. Байменов атап өткендей, тағайындалған 155 адам А корпусының лауазымында болмаған.
Сонымен қоса, мемлекеттік істер жөніндегі агенттік төрағасы тестен өткен 1125 адамның 65 пайызы осыған дейін мемлекеттік қызметке араласпаған.
«Кадрлық резервке енген 940 адам, оның 30 пайызы А корпусында қызмет істеп көрмеген. Сондықтан да, әлеуметтік көтерілім жұмыс ңстеп, жаңару үрдісі жүруде. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибелере байланысты аталмыш лауазымға жұмыстан шыққанша дейін орналастыру қарастырылды, 26 қыркүйек күні В корпусына өту басталады»- деп нақтылады Әлихан Байменов.