Кедендік одақ

Бәсекелестік құқықты қорғау агенттігі Кедендік Одақ құрамындағы елдер арасында роуминг тарифтерін төмендетуді ұсынды

Европа кеңесі сияқты Кедендік Одақ елдері арасында роуминг қызметін нөлге теңестіру керек. Бұл жайында бүгін журналистерге Бәсекелестік құқықты қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлімдеді.
Әлемде16 Қыркүйек , 15:47

«Бұл ұсыныс жылдың ортасында Мәскеуде Қазақстан мен Ресей қатысқан  жиында айтылған болатын. Қазақстандықтар Ресейге немесе Белорсусия шыққанда Европаға шығу үшін төлейтін тарифті өтейді. Біз барлығымыз Кедендік Одақтың құрамына кіреміз. Неліктен біздің елдер арасында осындай роуминг болуы тиіс?», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, Кедендік Одақ елдеріне шешім қабылдау үшін бірнеше ұсынстар жіберілді.

«Қазір бұл сұрақ қарастырылуда. Бұл сұрақтың шешімін Кедендік Одақ елдерінің мемлекеттік органдары жиналып, ынтымақтасып шешуі тиіс. Оның артықшылығы мен кемшіліктерін салыстыру қажеттігі туындап отыр. Әрине, ұялы операторлар жағынан наразылық болу мүмкін, себебі олардың кірісі азаяды. Бірақ, бұл сұрақ өте маңызды және біз осы жүмыспен айналысатын боламыз»,- деп аяқтады, Болатбек Қуандықов.




Яндекс.Метрика