Мемлекетті басқарудың жаңа типі

ҚР-да мемлекеттік қызметкерлерді шет тілдерді игеруін тексеретін тестілеу жүйесі өзгеруі мүмкін- Әлихан Байменов

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің шет тілдерді игеру дәрежесін тексеретін тестілеу жүйесін қайта қарайды, бұл жайында бүгін жұма сайын өтетін Орталық коммуникациялар қызметінің отырысында мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Байменов хабарлады.
Казахстан16 Қыркүйек , 15:20

«Біз осы күнге дейін Білім және ғылым министрлігі шешіп тапқан қалыпты нормаларға сәйкес жұмыс істейміз.  Шет тілдерді игеру дәоежесін тексеретін тестілеу білім министрлігінде өтетін. Өз басым, орталықтың сапалы қызмет көрсетуіне байланысты сүрақтар туындайды. Мемлекет басшысы тапсырғандай, біз IELTS, TOEFL тестілеу жүйесін қолдануымыз қажет, немесе өзіміз жүйе ойлап табуымыз керек», -деді Әлихан Байменов.

Сонымен қатар, «қазіргі таңда агенттік  мемлекеттік қызметкерлер тіл үйрену үшін шетелге шыққында өзге де  білім алуды жүзеге асыру жолдарын қарастырып жатыр», деді ол. 




Яндекс.Метрика