Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Н.Назарбаев: Қытаймен арадағы серіктестікті тереңдету - қазақстандық сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі

Қытайлық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ҚР Президенті Қытаймен арадағы серіктестікті тереңдету - қазақстандық сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі, деп хабарлады.
Әлемде16 Қыркүйек , 14:20

«Қытаймен арадағы серіктестікті тереңдету - қазақстандық сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі. Біздің қатынастарымызды ерекше ететін негізгі деген бірнеше факторларды атап өтуге болады. Біріншіден, бұл өзара әрекет форматтарының сан түрлілігі мен тиімділігі. Ол екі жақты тікелей серіктестікті қамтып қана қоймайды. Біз халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде ШСҰ және АӨЫСШК, шеңберінде тығыз жұмыс жасаймыз», - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Президент. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, туындаған барлық мәселелер келіссөздер аясында шешімін тауып жатады. Аймақтық және халықаралық мәселелер жөніндегі қауіпсіздік саласында тұрақты түрде кеңес өткізу тәжрибесі де дұрыс жолға қойылған.  Сондай-ақ, басты ролді жоғары деңгейдегі үздіксіз қарым-қатынас атқарып келеді. 

«Екіншіден, біздің қатынастарымыз серіктестіктің стратегиялық принциптері келісілген деңгейге көтеріліп, енді біз нақты жобалар арқылы жұмыс істейтін дәрежеге шығып отыр. Үшіншіден,  біздің арадағы қатынастың сан қырлылығын атап өткен жөн. Қазақстан мен Қытай арадағы серіктестіктерін саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени кеңістікте бірдей нығайтып,  алып келеді. Тек бір ғана экономикалық салада ғана бірлескен жобалар бірнеше салаларды кең қамтыған. Мұның бәрі біздің қатынастарымызды сауатты және сәйкесінше барынша тұрақты етіп тұр», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасының сөзінше, соңғы жылдары қазақ-қытай қатынастары екі елдің ғана емес, Орта Азия өңірінің шеңберінен шығып кеткені айқын. Бұл әсіресе объективті фактрлардан туындаған көлік саласына қатысты. 

«Әлемнің ең ірі өндіріс алаңы, ғаламның жетекші қаржы және экономика орталығы болып отырған қытай Китай тауар әлеуетін арттырып келеді және оның қарқыны да бара-бара тек қана өсімге тікелей  бағытталған. Ал Қазақстан болса, өзінің бірегей геосаяси орналасуына байланысты Азия мен Еуропаны байланыстырған көлік жолдарын ұйымдастырудың зор мүмкіндігіне ие. Халықаралық көлік дәлізін қалыптастыру жобалары бұл айқын басымдылықты іс жүзінде жүзеге асырып, Қазақстанды ғаламдық жүк тасымалы жүйесіне енгізбек», - деп атап өтті сұхбат барысында Мемлекет басшысы. 

Н.Назарбаев қазақ-қытай қатынастарының  болашағы бүкіл аймаққа беделін жүргізер инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты екеніне сенім білдірді.  

«Жалпы алғанда халықаралық негізгі сұрақтарға қатысты біздің экономикаларымыздың ұқсастығы мен бір-бірін толықтырып отырғандығы арадағы қатынас одан әрі қарқынды дамиды деуге толық негіз бар», - деп толықтырды Елбасы.




Яндекс.Метрика