Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Н. Назарбаев: Гуманитарлық серіктестікті дамытуда негізгі ролді білім беру саласына беру керек

Қытайлық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ҚР Президенті гуманитарлық серіктестікті дамытуда негізгі ролді білім беру саласына беру керектігін атап өтті.
Казахстан16 Қыркүйек , 14:47

«Соңғы кездері біздің елімізде, әсіресе жастар арасында, Қытайға, оның бай мәдениеті мен тіліне деген қызығушылықтың тұрақы өсімі байқалуда. Қытай демалыс, білім алу және бизнес-жобалардың танымал бағыттарына айналды. Барған сайын қазақстандықтардың көбі Қытайды өз көздерімен танып, Қытай азаматтарының көпшілігі бізге келіп жатыр. Бұл өз кезегінде «халықтық дипломатияны» реттеудегі ең тиімді құралы болып отыр», - деді өз сұхбатында Н.Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, Қазақстан мен Қытай халықтары үшін гуманитарлық саладағы танып болмаған мүмкіндік қыруар. Бір бірін танып білуді кеңейтіп, гуманитарлық кеңістіктерін жақындатуға деген нақты қадамдар жасалуда.  

«Мен қытай жағына Астанада  жаңа ұлттық би және балет академиясының құрылысы туралы ұсыныс жасадым. Ол болашақта қытайлық аттас университетпен серіктестік жасар еді», - деп, атап өтті мемлекет басшысы.  

Қазіргі уақытта қараша айына жоспарланған Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Мәдениет күндеріне дайындық жүргізілуде. Ал Қытай Халық Республикасының Қазақстанның Мәдениет күндері келесі жылы өтеді деп күтілуде. Бұл - музыка, бейнелеу өнері және өнер саласында қатынастарымызды күшейтудегі таптырмас мүмкіндік. 

«Гуманитарлық серіктестікті барынша қанық ету үшін, мұндай бағдарламаларды одан әрі жалғастырғанымыз жөн. Бұл ретте, біздің ойымызша, аймақ аралық деңгейдегі мәдени алмасудың дамуы көп септігін тигізері сөзсіз. Пайымдауымша, негізгі ролді білім беру саласы атқару керек. Жастарымыздың араласуы белсенді жүре бастаған сайын, болашақта мемлекет аралық достастығымыз да беки түспек. Екі ел арасында жоғарғы білім құжаттарын өзара тану туралы келісімге қол қойылған. Астанада, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Конфуций Институттары қызмет етіп жатыр», - деп хабарлады ұлт Көшбасшысы.

Қазіргі таңда 8 смыңға жуық қазақстандық студент Қытайда білім алып жүрген және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстандық белді жоғарғы оқу орындары да қытай жастарына мемлекеттік стандарттарға сай білім беруге әзір.  

Сонымен қатар, Қытайлық меймандарға бағытталған туризм индустриясы да жаңғыртылуда. Бұл саладағы белсенді қарым-қатынас көршілес екі елдің экономикасында оң көрініс табуымен қатар, арадағы гуманитарлық байланыстарды да бекітпек. 




Яндекс.Метрика