Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Елордалық емханалардан 360 адам тегін консультациядан өтті

Астаналық емханаарда ашық есік күні болып өтті. Шарада 360 адам тегін қаралды, деп хабарлады елодалық денсаулық сақтау басқармасы.
Астана қаласы16 Қыркүйек , 12:24

«Екі күн бойы елордалықтар салауатты өмір салты бойынша тегін ақпарат алып, денсаулықты нығайту кеңестерін тыңдады. Бұл шараға 360-тан адам қатысты», - деп басқарма хабарламасында жазылған.

Оған қоса, емханаларда аранайы жеке кабинеттер жұмыс істеді. Ол жерде елордалықтар психолог, педиатр, гинеколог, терапевтің кеңесін тыңдады.

«Шараның мақсаты - тұрғындларға ақпараттық – кеңестік дәріс беру. Оның ішінде жастарға дәрігерлік көмек көрсету. Аурудың пайда болуы мен одан айығу жолдары, алдын алу шаралары да назардан тыс қалмады», - деп баспасөз қызметінде нақтыланған.

Сонымен қатар медицина қызметкерлері «Жанұяда қарым-қатынасқа түсу сабағы» тақырыбында тұрғындарға аранайы дәріс берді. « Балаларға қауіп төнген жағдайда» және «Сіздің қамқорлыққа құқыңыз» атты тақырыптар да талқыланды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика