Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Астанада ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдыққа дайындығы талқыланды

Бүгін Астанада Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдық жоспарын дайындау үшін кеңейтілген жиын болып өтті, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы13 Қыркүйек , 12:06

«Астана қаласында  Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен индустриалды бағдарламаныі екінші бесжылдық дайындығын талқылау жиынына «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен «Атамекен кеңесі»  белсенді қатысты», деп  нақтыланған ведомство хабарламасында.

Жиынның басты тақырыбы жаңа индустриалды бағдарламаның даму болды

Елбасының тапсырмасы бойынша, әкімдер аймақтардың индустриалды-инновациялық даму қорытынды есебін 2020 жылға дейін тапсыруы тиіс.

Вице-премьердің бағалауы бойынша, аймақтық даму жоспары бөлінуде. Сондықтан әкімдіктер өз аймақтарының дамуын негзгі қалыпқа келтіріліп, аймақтарды дамыту үшін қаржыландыру және қажетті инфрақұрылымдарды дайындау керек.

Айта кетейік, Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының қорытындысы 2020 жылға дейін тапысырылуы қажет. Ол үрдісті қадағалау үшін Премьер-Министрдің төрағалығымен 4 жұмыс тобы ашылды.

Концепция осы жылдың соңына дейін тапсырылуы керек. Ал келер жылдың мамырында 2015 – 2019 жылға арналған жаңа индустриалды бағдарлама жоспары  өз күшіне енеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика