Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

ҚР студенттік инновациялық жобалар олимпиадасы басталды

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап ИКТ жобалары бойынша жылсайынғы II Республикалық олимпиада өтуде, деп хабарлайды Көлік және коммуникациялар Министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан16 Қыркүйек , 11:00

«2013 ж. 15 қыркүйегінен бастап ақпараттық технологиялар, есептегіш техника және бағдарлауды қамтамасыз ету саласындағы ғылыми және инновациялық жобаларының респуликалық олимпиадасына қатысуға тілек білдіргендерден өтініш қабылдау басталды», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында. 

Олимпиада ұйымдастырушылары - Көлік және коммуникациялар Министрлігі мен «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ.

Олимпиада«Экономика, әлеумет, ғылым мен білім саласындағы ИКТ инновациялар», «Мәдениет, денсаулық сақтау және бизнес салаларындағы ИКТ инновациялар»,  «Бос уақыт пен демалысқа арналған ИКТ инновациялар», «Аппаратты- бағдарламалық инновациялар, соның ішінде робототехникалық құрылғылар мен бағдарлау» және «Жасыл энергетика» сынды  5 басым бағыттан тұрады. 
 
Қазақ және орыс тілдерінде қабылданатын жобаларға қойылатын талаптар осал емес. Зерттеу тақырыбының өзектілігі, маңыздылығы, тиімділігі, жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, жобаның толыққандылығы және практикалық құндылығы бағаланатын болады.  

Жеңімпаздар сертификаттармен, құнды сыйлықтармен марапатталып, ХАТУ магистратурасында оқу грантына ие болады. Бұдан басқа, ғылыми құндылығы, жобаның өзектілігі, шешімнің ұтқырлығы және коммерциялық құндылығына қатысты қосымша жүлделі номинациялар анықталады. 




Яндекс.Метрика