Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

2014 жылдан бастап фермерлерге малға арналған құдықтар салуға шығынның 80% дейін өтеледі – ҚР АШМ

2014 жылдан бастап қазақстандық фермерлерге мемлекет отар жайылымдарында құдықтар салуға шығынның 80 % дейін өтейді, деп хабарлады ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева ведомство алқасының отырысында.
Казахстан16 Қыркүйек , 10:41

«2014 жылдан бастап «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде фермерлерге отар жайылымдарында құдықтар салуға және инфрақұрылымды жетілдіруге шығынның 80 % дейін өтейді, бұл жайылымдардың әлеуетін максималды пайдалануға және жалпы мал суаттарын ұйымдастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді», - деді Г.Исаева. 

Бұдан өзге, ол АӨК-нің басты міндетінің бірі бүгінгі таңда ескірген ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңартылуын арттыру болып табылады.
Ол үшін министрлік басшысы орынбасарының айтуынша, фермерлерді материалдық-техникалық қайта жарақтандыруға шығынды субсидиялау, фермерлік шаруашылықтарына арналған техника құнын бөліп өтеу құралы жасалған. 

«Сонымен қатар, несиелер мен лизингтер бойынша мөлшерлемені арзандату арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған техниканы сатып алу әлдеқайда қолжетімді болады», - деді Г.Исаева.




Яндекс.Метрика