Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

ҚР-да инвестициялар көлемі биылғы жылдың қаңтар-тамызында 7,3%-ға артты

Қазақстанда үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында инвестициялар көлемі 7,3%-ға артып, 3363,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлады брифингте Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
Казахстан16 Қыркүйек , 10:11

«Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылдың қаңтар-тамызында 3363,6 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 7,3%-ға артық», - деп атап өтті Ә. Смайылов.

Бұдан өзге, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2013 жылдың қаңтар-тамызында қолданыстағы бағаларда 11745,6 млрд теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 2%-ға артық. Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді өңдеуде 2,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінде - 1,1%-ға артқан. Электрмен жабдықтауда, газ беруде, бу және әуе кондициялауында - 0,9%-ға өскен.




Яндекс.Метрика