Ауыл шаруашылығын жаңғырту

2013 жылы Қазақстан экспортқа 9 млн тонна астық шығармақ – М.Өміряев

2013 жылы қазақстандық астықтың экспорттық әлеуеті9 млн тонна шамасында деп болжануда. Бұл жөнінде ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев мәлімдеді.
Казахстан13 Қыркүйек , 18:03

«Қазақстан үшін бидай сататын дәстүрлі нарық – бұл Орталық Азия, Ауғанстан, Иран. Олардың бірлескен тұтыну көлесі 6 млн тонна шамасында. Оған қоса, балама бағыттарда болған келісім-шарттар», – деді вице-министр.

Өнім сапасы жөнінде сөз сөйлей отырып, ол, қазақстандық астық қорының 92%-ы үшінші сортқа жататынын айтты.

«2013 жылғы астық бидайының сапасы жөнінде науқан аяқталғаннан кейін, астықтың басым бөлігі диірменге түскен шақта айтуға болады. Бірақ, 2012 жылғымен салыстырғанда сапалық сипатының кемшін тұстары бар екенін айту керек», – деді АШМ вице-министрі.  




Яндекс.Метрика