Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Ақмола облысында 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр – Қ.Айтмұхаметов

Биыл Ақмола облысында 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр, деп мәлімдеді бүгін баспасөз мәслихатында облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов.
Ақмола13 Қыркүйек , 14:26

«Бізде 4,2 млн гектар аумақтан астық жиналатын болады. Қазіргі кезде 900 мың гектарға жуығы орылды», – деді әкім.

Осы орайда ол облыс аумағындағы жауын-шашын егін орағы науқанының қарқынына кедергілер келтіріп отырғанын жеткізді. Сөз соңында әкім ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бүгінде астықты толық жинап алуға бар күшін салып отырғандығын атап өтті. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика