Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Астанада Қазақстан мен Швейцария Бас Прокурорларының кездесуі өтті

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Швейцария Конфедерациясының Бас прокуроры Михаэл Лаубермен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Казахстан12 Қыркүйек , 21:02

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген қарым-қатынас деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдіріп, осы сапар екі мемлекеттің қадағалау органдарының қалыптасқан қарым-қатынасын одан әрі дамытуға маңызды қадам болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, өзара мүдделілік танытатын кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары жөнінде хабардар етіп, қылмыстық қудалау барысындағы адам құқықтарын қорғау, осы саладағы басты халықаралық шарттарға қосылуға қатысты Қазақстанның міндеттерін орындау Мемлекет басшысының және барлық уәкілетті органдардың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Сонымен қатар Бас Прокурор Қазақстанның құқық қорғау органдарының ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте тәжірибесі бар мемлекеттермен сындарлы диалог орнатуға және дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

М.Лаубер қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық саясатты жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалады, заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманғы қауіпке өзара қарсы әрекеттесуді үйлестірудегі жалпы стратегиялық міндеттерге қатысты мүдделі ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендігін растады.




Яндекс.Метрика