Инфрақұрылымды дамыту

Macquarie Қазақстан инфрақұрылымдарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда

Австралияның Macquarie қоры Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан12 Қыркүйек , 20:41

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Macquarie Russia&CIS Infrastructure Fund (MRIF) қорының басшысы Арон Рубин бейсенбі, 12 қыркүйекте, Астанадағы кездесулері барысында таяу уақытта қазақстандық компаниялардың жобаларын егжей-тегжейлі қарауға келісті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Macquarie энергетика, көлік, теміржол, айлақтар мен әуежайлар саласындағы, тұрғын-үй коммуналдық және телекоммуникациялар секторындағы жобаларға қызығушылық білдіруде.

Macquarie-нің басқаруында жалпы капиталы - 101 млрд доллар болатын 46 қор бар, ол әлемдегі инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салып отырған ірі қор болып табылады. MRIF - Қазақстан мен Ресей дің инфрақұрылымдық нысандарына капиталы 630 млн доллар инвестиция салуға бағдарланған алғашқы жеке ірі қор.




Яндекс.Метрика