ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Ел бойынша 15-ші Назарбаев Зияткерлік мектебі Атырауда ашылды

11 қыркүйек күні Атырауда химия-биология бағытына ден қойған 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды, деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.
Атырау12 Қыркүйек , 18:59

«Жаңа мектеп заманауи технологиялармен жабдықталған. Әрбір 60 кабинет стацонарлы компьютерлер мен интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген» - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 7-10 сыныпқа түсуге ниет білдірушілер  саны 2978 оқушыны құрады. Конкурс ұстазадардың арасында да өтті. Мектепте білім беру үшін 74 ұстаз ұсынылды, ал оның 33-і 3 сатылы біліктілікті арттыратын курстарды тәмамдады.

 1 орынға 6 үміткер таласты. Отандық мұғалімдерден басқа оқытушылыққа АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия мемлекеттерінің мамандары да шақырылды.

Назарбаев Зияткерлік мектебі еліміздің 13 аймағында білім беруде. Аталмыш, мектептің бағыты Атырау өңіріндегі әр түрлі өнімдерді қарастыруға өте қолайлы болып отыр.




Яндекс.Метрика