Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Украинаға 500 мың доллардың трансформаторларын жеткізеді – ИЖТМ

Қазақстан өндірушілері Украинаның Киев қаласында өткен KaznexInvest Экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі мен Украинаның Сауда-өнеркәсіптік палатасы бірігіп ұйымдастырған екікүндік сауда миссиясына қатысып қайтты, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде12 Қыркүйек , 18:31

«Сапар мен қазақстандық-украиналық бизнес-форум қорытындысы бойынша 3 отандық компания Украинаға экспорт жасау туралы келісімге қол жеткізді. Олардың қатарында жалпы сомасы 500 мың АҚШ доллары болатын трансформаторлар жеткізуші Кентау трансфоматор зауыты да бар», - деп көрсетілген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ «Амитех Астана» ЖШС кәсіпорны да жергілікті нарықта пластик құбырларды сатуға келісім алды. Бірінші жеткізуден кейін компания серіктесімен бірге Украина аумағында өнімдерді сату үшін украиналық тарапқа жеке құқық беру мәселесін қарастыратын болады.

Жалпы алғанда, сауда миссиясына машина жасау, химия, құрылыс, фармацевтика мен тамақ өнеркәсібі салаларынан 10 кәсіпорын қатысып қайтты.

Хабарламада көрсетілгендей, 2009 жылдан бері KaznexInvest агенттігі Қытай, Корея, Түркіменстан, Тәжікстан, Ресей, Румыния, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Беларус, Польша, Иран мен Үндістанға барлығы 23 сауда миссиясын жасаған.

Өткізілген шаралар нәтижесінде отандық компаниялар 170 млн АҚШ долларынан астам қаржыға экспорттық келісімдер жасасқан.

Жыл соңына дейін агенттік Грузия мен Қытайға сауда миссиясын жасап, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынуды жоспарлап отыр. 




Яндекс.Метрика