Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасына сапармен келді.
Әлемде12 Қыркүйек , 18:09

Сапар барысында Қазақстан Президентінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуы, сондай-ақ шет мемлекеттер көшбасшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған. 
Сондай-ақ, ШЫҰ саммитінде мемлекет басшылары Бішкек декларациясы мен 2013-2017 жылдарға арналған ұйымның қызмет жоспарына қол қояды деп жоспарлануда.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы — өңірлік халықаралық ұйым, оны 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары құрған. 
Шараға ұйымға мүше мемлекет басшыларынан өзге ШЫҰ-ның бақылаушы елдері Ауғанстан, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістанның өкілдері де қатысады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика