Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы

Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы СҚО жұртшылығына жергілікті өзін-өзі басқару реформаларының негізгі қағидаларын түсіндірді

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбек өзінің жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жауапты хатшы мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелерін көтеріп, азаматтардың сұрақтарына жауап қайтарды.
Солтүстік Қазақстан12 Қыркүйек , 17:10

Сөз арасында Жеңіс Қасымбек министрліктің бірқатар бақылау функциялары мен штатты бірліктерін жергілікті атқару органдарына беру шаралары жайында айтып берді. Айталық, министрлік қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелерін қызмет ету аумағы шегіндегі міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу, техникалық байқаудың халықаралық сертификаттарын беру, сол сияқты тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсететін, таксимен жолаушылар және багажды тасымалдайтын жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу функцияларын жергілікті атқару органдарының құзіретіне өткізді.

Мұның сыртында Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдарының жойылуы және Көліктік бақылау комитеті штатының қысқартылуына байланысты жергілікті атқару органдарына 290 штаттық бірлік өткізілді. Онда да Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттерінің функциялары «Қазавтожол» АҚ-на өткізілді.

Кездесу барысында Жауапты хатшы жұртшылықты мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытудың жоспарлары және осы саладағы 2013 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары жайында хабардар етті.




Яндекс.Метрика