Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру

Ақтауда мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебі ашылды

Бүгін Ақтауда Халықаралық бизнес академиясы (ХБА) жанындағы мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебінің білім беру бағдарламасының ашылуы өтті.
Маңғыстау12 Қыркүйек , 16:57

Маңғыстау облысының әкімдігі бастамашы болған мектептің ашылуы аясында «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» және «Мемлекеттік сектордағы менеджмент» атты білім берудің 2 магистрлік бағдарламалары іске қосылды.

Мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебін іске қоса отырып, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жақсы дайындалған мемлекеттік қызметкерлер ғана мемлекеттік басқарудың күрделі мәселелерін шеше алатынын айтты.

Маңғыстау облысындағы 34 мемлекеттік қызметкер және денсаулық сақтаудың 23 топ-менеджері аталған мектептің тыңдармандары болмақ. Содан кейін топ қатысушыларынан облыстағы мемлекеттік қызметкерлер мен денсаулық сақтау жүйесі жетекшілерінің негізгі кадрлық резерві құрылады.  




Яндекс.Метрика