Бюджет саясаты

Қазақстанда тұрғын үй шаршы метрінің базалық құны 2 есеге өсіру жоспарлануда – Ерболат Досаев

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Қазақстанда тұрғын үй шаршы метрінің базалық құнын 2 есеге жоғарлатуды ұсынды, бұл туралы салық төлемдері жайындағы заңнамаға өзгеріс енгізу үшін өткен Мәжіліс отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
Казахстан12 Қыркүйек , 16:49

«Баспананың шаршы метрі  Астана және Алматы қалаларында 2 есеге, 60 мың теңгеге, ал облыс орталықтарында 34 мыңға дейін  өсіру жоспарланып отыр. Өзге жергілікті аймақтарда баспана бағасы өзгермейді», - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

Алматы және Астана қалаларының  1 шаршы метрді құрайтын жер телімінің базалық құны: 30 мың теңге болса, облыс орталықтарында -18 мың теңгеге тең.

Осымен қоса, 150 және 300 шаршы метр аумақты  құрайтын пәтерлерге ерекше жоғары коэффициенті енгізілді. 

Ал, тұрғын үй  құрылысын жүзеге асыру үшін сатып алынған жер теліміне салықты 10 шаршы метрге дейін көтері ұсынылып отыр. Бұл қажеттілік  жер телімін үнемді пайдалану  салдарынан туындап отыр.




Яндекс.Метрика