Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

Жезқазғандық кәсіпкерлер стратегиялық жоспарлау машығын үйренді

Қыркүйектің 7-сі мен 8-і аралығында Жезқазғанда «Даму» қорының ұйымдастырылуымен кәсіпкерлерге арналған «Бизнес жоспарлау» тақырыбында мастер-класс болып өтті.
Қарағанды12 Қыркүйек , 16:29

Шараны бизнес-бапкер, он шақты үйрену сабақтарының авторы, маркетинг, менеджмент бағытының майталманы – Тимур Рақымжанов жүргізді.

«Кәсіпкерлер қандай да бір бизнес түрін бастауды қарастырса, олар өндірістің оң және теріс жақтарын назарға алады.  Осы үрдіс аяқталғаннан кейін негізгі кәсіпке өтудің жолы жүйелік және құрылымдық жолы қалыптасады» - деп нақтыланған Қорда.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш мастер-класс кәсіпті дамытудың тәжірибелік жетекшісі. Әр қадам сайын қатысушылар жетекшімен бірге антидағдарыстық басқарудың ережелерін үйреніп, бизнес-моделі қалыптасқан компанияны құруға бейімделеді.

Сонымен қатар, тыңдаушылар тұтынушылармен қарым-қатынас орнату және маркетинг, менеджмент, қаржы компанияларында қаржылық көрсеткіштерді ұлғайту жолдарымен танысты.

 




Яндекс.Метрика