Шағын және орта бизнесті дамыту

«Жинақбанк» АҚ мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп аймақтардағы шағын және орта бизнесті қаржыландырады

Жинақбанкі АҚ» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық шағын және орта бизнесті дамыту мен қаржыландыру «Даму аймақтар III» жаңа бағдарламасы төңірігінде 5.5 млрд.теңгені құрайтын келісім шартқа қол қойды.
Казахстан12 Қыркүйек , 16:23

Қорда көрсетілгендей, аймақтық кәсіпкерлер ынтымақтастық аясында  жылдық көрсеткіші 14 пайызды құрайтын несие мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына мемлекеттің 7 пайыздық көмегін құрайтын «Даму» КДҚ-ның кепілдігімен  субсидиялауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаға қатысудың негізгі шарттарының бірі жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндіру, құрылыс материалдары, минералды құндылықтар мен оқыту, денсаулық сақтау бағыттарын қарастыратын жобалар  экономика секторына сәйкес болуы керек.

«Осы келісім шарт еліміздің кәсіпкерлеріне өз кәсібін дамытуға үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз. Атлмыш ынтымақтастық кәсіпкерлердің шабытын арттырып, жаңа мүмкіндікке қол жеткізудің жолы. Себебі,  бұл бағдарламаның басты мақсаты – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы», - деп атап өтті «Жинақбанк» АҚ-ның төрағасы Александр Камалов.




Яндекс.Метрика