Үкімет

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев әлеуметтік ынтымақтастық пен әлеуметтік және еңбектік қарым-қатынастарды реттеу бойынша отырыс өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен әлеуметтік ынтымақтастық пен әлеуметтік және еңбектік қарым-қатынастарды реттеу бойынша Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Казахстан12 Қыркүйек , 15:25

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, ҚР Кәсіби одақтар федерациясының басшысы, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, Тау-кен қазушылардың және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың өкілдері және басқалары қатысты.

Талқылау барысында «Кәсіби одақтар туралы» ҚР Заң жобасы, жұмыс берушілердің өз қызметтерінің еңбек заңнамасына сәйксетігін өз еркімен декларациялау практикасын енгізу бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ҚР Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісімге толықтырулар қарастырылған.

Б.Сағынтаев айтып өткендей, «Кәсіби одақтар туралы» заң жобасы Елбасы тапсырмасымен әзірленген және Қазақстандағы кәсіби одақтардың қызметін жетілдіруге бағытталған.

«Кәсіби одақтар туралы жаңа заң кәсіби одақтық қозғалыстың сатылас моделін жасауға құқықтық негізді қалыптастырып, әлеуметтік ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде кәсіби одақтық мүшеліктің уәждемесін арттырады деп күтеміз», - деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Комиссия жұмыс берушілердің өз қызметтерінің ҚР еңбек заңнамасына сәйкестігін сенім сертификаты негізінде өз еркімен декларациялауды енгізуді қолдады. Еңбек министрі Т.Дүйсенованың пікірінше, бұл тексерулер санын азайтуға мүмкіндік беріп, адал жұмыс берушілердің имиджін көтереді. 

Отырыстың қортындысы бойынша ҚР Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімге өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, салалық және өңірлік келісімдерге бекіту туралы шараларға, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ететін ұжымдық нормалар келісім-шарттарына, жұмыс орындарын сақтауға, 50 жастан асқан тұлғаларға еңбек жағдайын жасау және олардың біліктілігі мен мобильділігін арттыру бойынша бағдарламаларды қабылдауға қатысты. 




Яндекс.Метрика