Жемқорлыққа қарсы күрес

ҚР-да қаржы полициясы талдау материалдары бойынша 200-ден аса жалған кәсіпорынды анықтады

Қазақстанда ҚР экономиаклық қылмысқа және сыайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі талдау жолымен анықтаған қылмыстардың саны артты. Жалпы, талдау материалдары бойынша 200-ден астам жалған кәсіпорын анықталып, жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан12 Қыркүйек , 15:19

«Бүгінгі күні қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды талдау жолымен анықтаудың мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. Қаржы полициясы агенттігінің Ахуалдық орталығы мен аумақтық департаменттерінің сарапшылары ұсынған материалдары негізінде 250-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Талдау материалдары бойынша 200-ден аса жалған кәсіпорынның қызметі анықталып тоқтатылды», – делінген қаржы полициясының хабарламасында.

Талдау жолымен Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы бюджет қаражатын ұрлаудың тұрақты жолдары анықталды. Мәселен, өткен жылдың аяғында Агенттіктің Ахуалдық орталығымен Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алулардың заңдылығының терең талдауы жүргізілді. Саралау жолымен аталған аумақта бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік сатып алу конкурстарында үстемдік еткен бір-бірімен байланысты компаниялардың тобы анықталды.

Мысалы, ағымдағы жылғы шілдеде Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында бірнеше жыл бойы жалған кәсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Бұдан бұрын саралап іздеу жолымен Қостанай облысының аумағында салық төлеуден жалтару мен қолма-қол ақша ауыстыру бойынш қызмет көрсетумен айналысқан жалған кәсіпорындардың тобы анықталған болатын.  




Яндекс.Метрика