Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Астанада өткен көрмеде 80 елдің компаниясы терроризммен күресуді жүзеге асыратын қондырғыларын таныстырды

Кеше, 11 қыркүйек күні елордада кешенді экспозициялар арқылы заманауи әдіс - тәсілдермен құтқару және өрт сөндіру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолдарын таныстырған Kazakhstan Security Systems көрмесі болып өтті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар Министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы12 Қыркүйек , 11:17

«Kazakhstan Security Systems  көрмесіне 10 елдің 80-ге жуық компаниялары қатысты. Олар: Чехия, Испания, Хорватия, Франция, Швейцария, Германия, Италия, Россия, Беларусь, Украина және Қазақстан» - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аталмыш шарада төтенше жағдайлардан кейін залалсыздандыру және және медициналық көмек көрсету жолдарының ауқымын  күшейту де тілге тиек болды.

Көрмеде өндіріс фирмаларының танымал өкілдері мен мердігерлер  авариялық-құтқару техникалары, заманауи қарулар, арнайы көліктер, транспорт терминалдарының қауіпсіздік жүйесі  сынды жобалар таныстырылды. 

Сонымен қатар, көрменің ашылу рәсімінде ҚР Төтенше  Жағдайлар вице-министрі Ж. Смайылов табиғаттың дүлей күштеріне қарсы төтеп бере алатын басқа жолдарды қарастыру керек екендігін атап айтты.

 

 




Яндекс.Метрика